«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
2024-2025 жылға арналған тәрбие
жұмыс жоспары
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
Елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
Өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға
баулу;
Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
Басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
Өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
Біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
Күтілетін нәтиже:
әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, ғылым мен техниканың жетістіктері туралы білу;
ғылымның қоғам өміріндегі маңызы туралы түсінігін сауатты, дәлелді жеткізе білу;
себеп-салдарлық және құрылымдық-функционалдық талдау элементтерін қолдана білу, неғұрлым күрделі нақты байланыстар мен олардың тәуелділіктерін зерттей алу;
сыни ойлау, сенімді ғылыми ақпаратты анықтау және ғылымға қарсы идеяларды сыни талдай алу дағдыларының болуы;
фактілерді байқау, жинақтау және жүйелеу, жаратылыстану және гуманитарлық салаларында, зерттеу қызметінде тәжірибені түсіну.
Күтілетін нәтижелер оқу-тәрбие процесін іске асырудың тиімділігін мониторингтеу және бағалау үшін негіз болып табылады.
Күнделікті
• «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
• «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
• «Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу
• «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау
Апта сайын
• «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды
• «Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.
• «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке
қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе
әңгіме өткізу
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2024-2025 жылға арналған тәрбие жұмыс жоспары | ||||
Атқарылатын іс-шара | ||||
Апта дәйексөзі: Ақырын жүріп, анық бас Еңбегің кетпес далаға (А.Құнанбайұлы) | ||||
№ | Іс шаралар атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімдері |
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы ПОЭТИКАЛЫҚ САЙЫС «АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» “Тоғыз айға 9 іс-шара”: Сергіту сәті 1 қыркүйек – «Білім күні» 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні | ||||
1 | 2024 ж. 1-қыркүйек Білім күніне байланысты «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында тәрбие сағаты | Салтанатты іс-шара /топ сағаты, БАҚ-на жариялау | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Қыркүйек айның 1 аптасы |
2 | Отбасылардың әлеуметтік төлқұжатының деректерін жаңарту. Қолайсыз отбасылардың тізімін салыстыру. “Тәуекел тобындағы” балалардың тізімін қалыптастыру | Деректер жинақтау | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, топ жетекшілер | Қыркүйек айның 1 аптасы |
3 | «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен таныстыру | Ата-аналар жиналысы | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілері, педагог-психолог | Қыркүйек айның 1 аптасы |
4 | «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру | Ойындар | Топ жетекшілер, жастар істері жөніндегі комитет төрайымы | Күнделікті |
Апта дәйексөзі: Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім! | ||||
6 | Жол қауіпсіздігі Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілер | Қыркүйек айның 2 аптасы |
7 | «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» | Челлендж | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Қыркүйек айның 2 аптасы |
8 | Буллингтен қорған Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен (ІІД және т. б.) бірлесіп | Қыркүйек айның 3 аптасы |
Кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге кешкі уақытта көшеде жүрмеу туралы тәрбие сағаттарында мәлімет беру, колледж инспекторымен кездесу ұйымдастыру | Кездесу | Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор | Қыркүйек айның 3 аптасы | |
«Студенттер арасында тыйым салынған заттар және суық қару ұстау фактілерін болдырмау» | Жиналыс | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор | Қыркүйек айның 4 аптасы | |
Апта дәйексөзі: Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. (Абай) | ||||
9 | Еңбек түбі береке. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілері | Қыркүйектің 4 аптасы |
10 | «Толық адам» ілімі негізінде ата -аналар институтын қалыптастыру» жобасын іске асыру | Іс- шаралар, сараптама | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Жыл бойы |
11 | «Мобильдік көмек» жобасын іске асыру | Іс- шаралар, жинақ | Педагог-психолог | Жыл бойы |
12 | Білім алушылардың төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік сауаттылығын арттыру | Оқу-жаттығулар, нұсқаулық | Білім беру мекемелері | Тоқсан сайын |
13 | «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметтерін нығайту | Іс шаралар | Топ жетекшілер, педагог- психолог | Жыл бойы |
14 | Даналық мектебінің жұмысы | Іс шаралар | Топ жетекшілер, педагог- психолог | Жыл бойы |
15 | Алкогольдің, темекінің, есірткінің, темекінің жас ағзаға әсері мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласымен бірлесіп дәрістер, әңгімелер циклі. | Дәрістер | Топ жетекшілер, педагог- психолог | Арнайы жоспармен |
16 | «Жасөспірімдер арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» | Бірыңғай құқықтық білім сағаты | Пән мұғалімдері, топ жетекшілер, теолог мамандар | Жыл бойы |
17 | 1 курс студенттері мен 2-курсқа жаңа қабылданған топпен колледж кітапханасын таныстыру | «Кітапханаға саяхат», кітапханалық сабақтар және кеңестер өткізу. | Кітапханашы | Қыркүйек айның 4 аптасы |
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық “Тоғыз айға 9 іс-шара”:Әнұран айту 1 қазан – Халықаралық қарттар күні 5 қазан – Мұғалімдер күні 24 қазан – Кітапханашылар күні 25 Қазан – Республика күні | ||||
Апта дәйексөзі: Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың! | ||||
1 | «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Жалпы мектептік волонтерлық акциясы | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері,топ жетекшілері | Қазан айының 1 аптасы |
2 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп | Қазан айының 1 аптасы |
3 | «Ұшқыр ой алаңы» дебаты | Колледж дебаты | Тәлімгер, өзін-өзі басқару ұйымы | Қазан айының 2 аптасы |
4 | Республикам – мақтанышым! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Іс-шара/топ сағаты | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері, топ жетекшілері | Қазан айының 2 аптасы |
5 | Тәуекел топтарғы балаларға арналған «Тәлімгерлік» жобасын іске асыру | Жоба | Мүдделі органдармен бірлескен жұмыс | Жыл бойы |
6 | “Ұстаздың жолы – ұлы жол” атты ұстаздарға арналған мерекелік кеш | Мерекелік іс-шара | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Қазан айының 3 аптасы |
7 | «Жасөспірім. Құқықбұзушылық. Жауапкершілік» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу | Құзырлы органның өкілдерімен кездесу | Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор | Қазан айының 3 аптасы |
8 | Сіздер ЖҚТБ/СПИД туралы не білесіздер | Медицина мамандарымен кездесу | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, медбике | Қазан айының 4 аптасы |
9 | Үйірме, секциялар жұмыс жоспарларын бекіту | Білім алушылармен кездесу, спорттық секцияға баулу | Дене тәрбиесі пәні оқытушылары | Қазан айының 4 аптасы |
Қараша – әділдік және жауапкершілік айы «АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫ #2ТОҚСАН#АЛТЫН САҚА# “Тоғыз айға 9 іс-шара”:Асық ату қараша – Ұлттық валюта – теңге күні 16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні | ||||
1 | «Қыз балаларға ерте жүктіліктің алдын-алу шаралары» кездесу ұйымдастыру | Медицина мамандарымен кездесу | Медбике, 1-2 курс кураторлары | Қараша айы |
2 | «Сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парызымыз» | Дөнгелек үстел өткізу | Топ кураторлары | Қараша айының 1 аптасы |
3 | «Тазалық – табиғаттың айнасы» | Тазалық жұмыстары | Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Қараша айының 1 аптасы |
4 | «Студент жастар арасында радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, студенттік ортада деструктивті идеологияның таралуының алдын алу» мақсатындағы іс-шара | Теолог мамандармен кездесу | Теолог мамандар,топ кураторлары | Қараша айының 2 аптасы |
5 | «Студент қатарына қабылдау» іс шарасы | Мерекелік іс-шара | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Қараша айының 2 аптасы |
«Спорт-денсаулық кепілі» | «Шағын футбол» ұйымдастыру | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дене тәрбиесі пәні оқытушылары | Қараша айының 3 аптасы | |
6 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Сауалнама | Топ жетекшілері, психолог | Қарашаның 3 аптасы |
7 | Өмірге салауатты қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Алдын алу іс-шарасы | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілері | Қарашаның 4 аптасы |
8 | Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік | Топ сағаты | Топ жетекшілер | Қарашаның 4 аптасы |
9 | «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметтерін нығайту | Іс шаралар | Топ жетекшілер, психолог | Жыл бойы |
10 | Тұрмысы төмен отбасынан шыққан студенттермен жұмыс жүргізу | Іс-шара | Әлеуметтік педагог | Қарашаның 4 аптасы |
11 | Ата-аналар жиналысы (ІІБ, прокуратура қызметкерлерін құқық бұзушылықтың, топтық төбелестің, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алу бойынша) | Жиналыс | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Қараша, қаңтар, наурыз |
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы Шығарма жазу 5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні | ||||
1 | «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топтағы тазалықты қолдау акциясы | Топ жетекшілері | Желтоқсанның 1 аптасы |
2 | «Бірлік және ынтымақ» құндылығы» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілері | Желтоқсанның 1 аптасы |
3 | 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күні | Іс -шаралар | Топ жетекшілер | Арнайы жоспармен |
4 | 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні | Топ сағаттары | Топ жетекшілер | Арнайы жоспармен |
5 | «Жастар нашақорлыққа қарсы» кездесу | Медицина, құзырлы орган өкілдерімен кездесу | Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастар комитеті | Желтоқсанның 3 аптасы |
6 | «Туы биік, тұғыры берік Қазақ елі» | Эссе байқауы | Топ кураторлары | Желтоқсанның 2 аптасы |
7 | «Тәуелсіздік — ел бақыты!» | Тәрбие сағаттары | Топ кураторлары | Желтоқсанның 2 аптасы |
8 | 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Алғашқы Әскери және технологиялық дайындық пәнінен әскери-спорттық жарысы | Әскери-спорттық жарыс | Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Желтоқсанның 3 аптасы |
10 | «Қуанышым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» | Кездесу | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Желтоқсанның 3 аптасы |
11 | «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастыру | Мерекелік іс-шара | Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Желтоқсанның 3 аптасы |
12 | «Діни ахуалды тұрақтандыру және діни экстремизм мен терроризмнің көріністердің алдын алу» мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу | Кездесу | Теолог мамандар, топ кураторлары | Желтоқсанның 3 аптасы |
13 | «Қош келдің, Жаңа жыл!» кеші, І-ІV курс студенттері | Мерекелік іс-шара | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Желтоқсанның 4 аптасы |
14 | «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында «Волейбол» ұйымдастыру | Спорттық шара | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дене тәрбиесі пәні оқытушылары | Желтоқсанның 4 аптасы |
15 | Колледж театры | Театр қойылымы | Пән мұғалімдері, өзін-өзі басқару ұйымы | Желтоқсанның 4 аптасы |
16 | «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметтерін нығайту | Сабақтар | Топ жетекшілер, педагог- психолог | Желтоқсанның 4 аптасы |
Қаңтар – заң және тәртіп айы «ҰЛТТЫҚ ӨНЕР» КӨРМЕСІ #ҰЛТТЫҚӨНЕР# Қазақ есебі | |||||||
1 | Біз–сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Қаңтардың 1 аптасы | |||
2 | «Заң және Тәртіп» құндылығы Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілер | Қаңтардың 2 аптасы | |||
3 | Тұрмысы төмен отбасынан шыққан студенттермен жұмыс жүргізу | Жұмыс жүргізу | Әлеуметтік педагог | Қаңтардың 2 аптасы | |||
4 | «Менің отбасым және колледж” тренинг | Тренинг | Әлеуметтік педагог | Қаңтардың 3 аптасы | |||
5 | «Біз жемқорлыққа қарсымыз» | Спорттық шара | Дене тәрбиесі пәні оқытушылары | Қаңтардың 3 аптасы | |||
6 | «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметтерін нығайту | Сабақтар | Топ жетекшілер, педагог-психолог | Қаңтардың 4 аптасы | |||
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық Оқуға құштар колледж 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні | |||||||
1 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшісі | Ақпан айының 1 аптасы | |||
2 | «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі | Челлендж | Кітапханашы,өзін-өзі басқару ұйымы | Ақпан айының 2 аптасы | |||
3 | Қауіпсіз қоғам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Алдын алу іс-шарасы | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Ақпан айының 3 аптасы | |||
4 | Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілер | Ақпан айының 4 аптасы | |||
5 | «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметтерін нығайту | Сабақтар | Топ жетекшілер, педагог- психолог | 4 апта | |||
6 | «4 ақпан – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» | Топ сағаты | Топ жетекшілер | 4 ақпан | |||
7 | «Дүниежүзілік мейірім күні» облыстық мейірімділік акциясы | Акция | Педагог-психолог | 17 ақпан | |||
8 | Әкелер кеңесінің жұмысы – профилактикалық алдын алу кеңестерінің жұмысына қатысу; – үйірмелер мен секциялар ұйымдастыру; – тәлімгерлікті бекіту; – әкелер апталығын өткізу; | Іс-шаралар | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Ақпан айының 4 аптасы | |||
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы Домбырашылар 1 наурыз – Алғыс айту күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі 30 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні | |||||||
1 | Алғыс – ізгі ниет Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілері | Наурыздың 1 аптасы | |||
2 | Ойынға салауатты көзқарас Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Алдын алу іс-шарасы | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Наурыздың 1 аптасы | |||
3 | 8 наурыз – Халықаралық аналар мейрамына орай «Гүл мереке-күн мереке» атты мерекелік шараны өткізу | Мерекелік іс-шара | Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Наурыздың 1 аптасы | |||
4 | «Ананың аялы алақаны» челленджі | Челлендж | Топ жетекшілері өзін-өзі басқару ұйымы | Наурыздың 2 аптасы | |||
5 | «Ұлттық мәдениет» көрмесі | Көрме | Топ жетекшілері, өзін-өзі басқару ұйымы | Наурыздың 2 аптасы | |||
6 | Колледж театры | Театр қойылымы | Пән мұғалімдері, өзін-өзі басқару ұйымы | Наурыздың 2 аптасы | |||
7 | «Жер сағаты» экологиялық акциясы | Акция | Пән мұғалімдері | Наурыздың 3 аптасы | |||
8 | Наурыз – жыл басы Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілер | Наурыздың 3 аптасы | |||
9 | 1 наурыз алғыс айту күніне арналған іс-шаралар | Іс-шаралар | Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы педагог-психолог,топ жетекшілері | Наурыздың 3 аптасы | |||
10 | 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар | Мерекелік іс-шара | Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, топ жетекшілері | Наурыздың 3 аптасы | |||
11 | «Дені сау ұлт – болашақ кепілі» ұйымдастыру | Қысқы спорттық ойын түрлерінен жарыс | Дене тәрбиесі пәні оқытушылары | Наурыздың 4 аптасы | |||
12 | «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметтерін нығайту | Сабақтар | Топ жетекшілері, педагог- психолог | Наурыздың 4 аптасы | |||
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы «ТУҒАН ӨЛКЕМ» ФЕСТИВАЛ#ТУҒАНӨЛКЕМ# Шахмат ойнау 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні 12 сәуір – Ғылым күні 15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні әуір – Ұлттық кітап күні | |||||||
1 | Алғыс – ізгі ниет Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілері | Сәуір айының 1 аптасы | |||
2 | 07 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнініне орай «Салауатты өмір салты – менің ұстанымым» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Челендж | Өзін-өзі басқару ұйымы | Сәуірдің 2 аптасы | |||
3 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілері | Сәуірдің 2 аптасы | |||
4 | Қоғамдық мүлікті қорға! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Алдын алу іс-шарасы | Топ жетекшілер | Сәуірдің 2 аптасы | |||
5 | «Жасыл аймақ» | Акция | Пән мұғалімдері | Сәуірдің 3 аптасы | |||
6 | «Атадан-өсиет, анадан қасиет» ата-аналарға арналған шеберлік сағат | Шеберлік сағат | Топ жетекшілері, педагог-психолог | Сәуірдің 2 аптасы | |||
7 | 24 сәуір – Халықаралық жастар ынтымақтастығының күніне арналған «Біз –қайратты жастармыз» | Видеороликтер байқауы | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | 24 сәуір | |||
8 | Құқықтық тақырыптарға сәйкес дөңгелек үстел ұйымдастыру | Дөңгелек үстел | Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы | Сәуірдің 3 аптасы | |||
9 | Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы | Топ сағаты | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, топ жетекшілері | Сәуірдің 3 аптасы | |||
10 | «Түнгі көшедегі жасөспірім» | Рейдтік жұмыс | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог | Сәуірдің 4 аптасы | |||
11 | «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметтерін нығайту | Сабақтар | Топ жетекшілер, педагог-психолог | Сәуірдің 4 апта | |||
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы Жасыл мекен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні 18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні | |||||||
1 | «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілері | Мамырдың 1 аптасы | |||
2 | «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі | Фестиваль | АӘДТ пән мұғалімдері, топ жетекшілері, өзін-өзі басқару ұйымы | Мамырдың 1 аптасы | |||
3 | «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі | Челлендж | Топ жетекшілері өзін-өзі басқару ұйымы | Мамырдың 2 аптасы | |||
4 | Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут)) | Топ сағаты | Топ жетекшілері | Мамырдың 2 аптасы | |||
5 | Қауіпсіз қоғам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Алдын алу іс-шарасы | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекшілер | Мамырдың 3 аптасы | |||
6 | Білімім – Отаныма! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) | Топ сағаты | Топ жетекшілер | Мамырдың 4 аптасы | |||
7 | Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер» апталығы | Суреттер, фотосуреттер көрмесі | Топ жетекшілер | Мамырдың 3 аптасы | |||
8 | «Елді қорғар- ерің бар» ,1- курс топтар арасында ерлік тәрбие сағаттарын өткізу | Топ сағаты | Топ жетекшілер | Мамырдың 3 аптасы | |||
9 | «1 мамыр – Халықаралық ынтымақ күніне» арналған тәрбие сағаттары | Топ сағаты | Топ жетекшілер | Мамырдың 3 аптасы | |||
10 | «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметтерін қорытындылау | Сабақтар | Топ жетекшілер, педагог- психолог | Мамырдың 4 аптасы | |||
11 | Судағы қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме Жол қозғалысы ережелері, Жазғы демалыстағы өмір қауіпсіздік ережелері | Сабақтар | Топ жетекшілер | Маусымның 1 аптасы | |||
12 | Білім алушыларды «Жасыл ел» еңбек жасағына баулу | Челлендж | Топ жетекшілер, жастар ісі жөніндегі комитет | Маусымның 2 аптасы | |||
13 | Жылдық жұмыс есебін талдау | Анализ жасау | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары | Маусымның 4 аптасы | |||
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Махимова Н.Р.