Aktobe Qurylys Montaj Koleji

Қабылдау ережесі

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын,

Ақтөбе құрылыс-монтож колледжіне 2024-2025 оқу жылына

оқуға қабылдаудың ережелері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578

бұйрығымен бекітілген, техникалық және

кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын

іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары сәйкес құрастырылған

Жалпы ережелер

       1. “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тармақшасына сәйкес әзірленген,  «Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі» ЖМ-не оқуға қабылдауға арналған осы ережелер (бұдан әрі – Ереже) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын,  «Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі» ЖМ-не  (бұдан әрі – колледж) оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.

       3. Колледжге оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.

      4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.

Колледжге оқуға қабылдау тәртібі. 

Құжаттарды қабылдау ережелері мен түсу емтихандарын ұйымдастыру

      5. Колледжге тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде колледж директорының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады.Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

      6. Колледждің қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.

      7. Колледжге тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      8. Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

      1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында.

      2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.

      3) шығармашылық емтихан тапсыратын, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;

      9. Оқуға түсушілер колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.

      Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

      Қабылдау квотасы қарастырылған колледжге оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.

      10. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

      11. Колледжге ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

       Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) “Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудитория ұсыну;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.

     12. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:

      1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

      2) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

      3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

       4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

      Конкурс колледж өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

       Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып колледж директоры (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен колледждің интернет ресурстарында орналастырады.

      Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.

       Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.

      Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.

      Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.

     Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және колледждің интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

     13. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.

      Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

      2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған “3”, “4”, “5” бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: “3” – 8 балға, “4” – 17 балға, “5” – 25 балға алмастырады.

      14. Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

      15. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

       16. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы қабылдау ережелеріне 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      17. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша колледжге оқуға түсетін тұлғалар осы қабылдау ережелеріне 2-қосымшаға сәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандар тапсырады.

      18. Педагогикалық мамандықтар, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша колледжге оқуға түсетін тұлғалар колледж өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.

       19. Шығармашылық емтиханды өткізу нысаны осы оқуға қабылдау ережелеріне 2-қосымшаға сәйкес анықталады.

      20. Шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оны оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей жеткізіледі.

       21. Оқуға түсушіні шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.

      22. Шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ  шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

       23. Шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.

      Арнаулы емтихан “өтті” немесе “өтпеді” деген нысанда бағаланады.

      24. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.

      25. Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге колледж ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.

      26. Колледж бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж директорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша колледж педагогтерінің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

      27. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

      Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

       28. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады.Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

       29. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы ережелерінің 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

      30. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

     31. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша колледжге қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

      Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

      1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;

      2) жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

    32. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды Мамандықтың атауы Бейіндік пән атауы
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) Орта білім (жалпы орта)
0100000 –Білім беру
0103000 Дене тәрбиесі және спорт 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0400000 – Өнер және мәдениет
0402000 Дизайн (бейін бойынша) 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару
0514000 Бағалау Математика Математика
0600000 – Метрология, стандарттау және сертификаттау
0601000 Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) Математика Математика
0700000 – Геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру
0713000 Геодезия және картография Математика Математика
0900000 – Энергетика
0902000 Электрмен жабдықтау (салалары бойынша) Математика Математика
120000 – Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану
1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану Математика Математика
1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника
1302000 Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша) Математика Математика
1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) Математика Математика
1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық
1401000 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану Математика Математика
1405000 Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану Математика Математика
1412000 Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі Математика Математика
1413000 Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша) Математика Математика
1414000 Жиhаз өндірісі (түрлері бойынша) Математика Математика
1417000 Азаматтық ғимараттар интерьерінің дизайны, оларды қалпына келтіру, қайта жаңарту 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
1418000 Сәулет 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының коды Мамандықтың атауы Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Негізгі орта (жалпы негізгі) білім базасында, бастауыш (“Хореография өнері” мамандығы (біліктілігі “Балет әртісі”) білім базасында Орта (жалпы орта) білім базасында
0100000 – Білім беру
0103000 Дене тәрбиесі және спорт Мамандандыру бойынша нормативтерді тапсыру  Мамандандыру бойыншанормативтерді тапсыру
0400000- Өнер және мәдениет
0402000 Дизайн (бейін бойынша) Сурет, кескіндеме Сурет, кескіндеме
1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық
1417000 Азаматтық ғимараттар интерьерінің дизайны, оларды қалпына келтіру, қайта жаңарту Сурет, сызу Сурет, сызу
1418000 Сәулет Сурет, сызу Сурет, сызу