Aktobe Qurylys Montaj Koleji

Колледж жетістіктері

2024 жылдың мамыр айының 02-15-і аралығында Ақтөбе облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «WorldSkills Kazakhstan Aktobe – 2024»  аймақтық чемпионатына Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінен білім алушылар 7 құзыреттілік бойынша қатысты. Олар:

Құзыреттілік атауыҚатысушының аты – жөніЖетекшісі (компатриот) байланыс телефоны
1Графикалық дизайнЖуман Алишер АрмановичУлыкпан Дарья Андреевна
2Сән технологиясыБолатова Дана ДастанқызыСметова Бактагуль Аманжоловна
3Инженерлік графика  CADЕсказиев Айбек АбаевичЖанахметов Жанулан Жеткизгенович
4Маркшейдерлік іс   және геодезияСафронова Яна ВалерьевнаИсахан Әкімжан Исаханұлы,
5Қазақ тілі мен  әдебиетіЖайлаубаева АйдаАдисова  Нургуль Аслбековна
6МатематикаАлимұхан Асылбек АсыланұлыЫбраева Айман Амалбекқызы
7КітапханашыКереева Перизат НұрлыбекқызыЖақсығалиқызы Гүлжайнар
Чемпионат шешімі бойынша колледжіміз 2 жүлделі орын және сертификаттарға ие болды. “Сән технологиясы ” құзыреттілігі бойынша 3016Б тобының білім алушысы Дана Болатова,жетекшісі Б.А.Сметова ІІ дәрежелі диплом мен серификатқа ие болды. “Маркшейдерлік іс   және геодезия” құзыреттілігі бойынша 2042Б тобының білім алушысы Сафронова Яна Валерьевна,жетекшісі І.И.Исахан ІІІ дәрежелі диплом мен сертификатқа ие болды. Қалған құзыреттіліктер бойынша да білім алушыларымыз бен оқытушыларымыз сертификатқа ие болды.

«АЛАШ САҚАСЫНА» ІРІКТЕУ ӨТТІ
Бүгін Ақтөбе қаласындағы No71 Ә.Марғұлан атындағы орта мектепте Асық атудан ересектер арасында республикалық «Алаш сақасы» турниріне облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Турнирге облысымыздың мықты деген асықшылары түгел жиналды, сайыста өте тартысты өтті.
Үздік үштікті Ақтөбе құрылыс – монтаж колледжінің ІІ курс студенті Саят Қалқабай түйіндеді. Қола жүлдегер атанған асықшыға 20 мың теңге бұйырды. Бұдан бөлек облыстық федерация жеңімпаз және жүлдегер атанған асықшыларды диплом,
медальдармен марапаттады.

Асық ату спортынан 2004-2007 жылы туылған ұлдар арасындағы Қазақстан
Республикасындағы чемпионатында жекелей 1-ші сақа арасында 2 орын алғаны үшін “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының студенті Қалқабай Саят марапатталды.

Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің 3 курс студенті Жұмажанұлы Нұраддин Шалқарда өткен Батыс Қазақстан чемпионатында Қол күрестен Екінші орын алды.
Жетекшісі: Зулянов М.Н.

11 желтоқсан күні Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Ақындары өз өлкесін жыр еткен» атты облыстық байқау өтті.
Мақсаты: Қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастардың жағымды бейнесін қалыптастыру және өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру. Байқауға Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің 2151Б «Архитектура» тобының білім алушысы Шитт Александра қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Н.А.Адисова

Ақтөбе қаласында ERKIN KUSH OPEN (Е’КО) турнирінде жастар арасында 61,2 кг салмақ дәрежесінде 1 ші орынды иеленгені үшін
3 курс студенті Амандық Азанғап марапатталды.

Жастар арасында Республикалық турнирде Дзюдо күресінен 3021тобының студенті

Зарлық Азамат 90кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2орын жеңіп алды.