Aktobe Qurylys Montaj Koleji

“Тәуелсіздік Отаным” атты әскери-спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Ақтөбе қалалық жастар ресурсының ұйымдаструмен «BEST IN AQTOBE» рейтенгтік жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара.
12 желтоқсан Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін орай 1-курс білім алушылары арасында “Тәуелсіздік Отаным” атты әскери-спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа 1-курстар арасынан 13 команда қатысып, өздерінің ептілігін, төзімділігін және әскери дайындық негіздерін меңгеру деңгейін көрсетті. Әр команда 10 қатысушыдан (5 ер, 5 қыз) жасақталды. Жарыс төмендегі кезеңдер бойынша өтті:
1. Саптық жүріс және саптық ән орындау;
2. Газ қағарды жылдамдыққа кию және шешу;
3. Қол күрес сайысы (ұлдар және қыздар арасында);
4. Гір тасын көтеру (ұлдар – 16 кг, қыздар – 8 кг);
5. АК-74 қаруының макетін бөлшектеу және жинақтау.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqtobe Kurylys-montaj Kolleji Aqmk (@aqmk_asmk)