Мақсаты: Салауатты өмір салты дағылары мен дене тәрбиесі мәдениетінің жоғары деңгейін және теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру;
Тәрбиелік міндеттері:
-күн тәртібін өз бетімен құру және орындау қабілеттерін қалыптастыру ;
-гигиеналық талаптарды орындау, дағдыларды қалыптастыру:
-өзін-өзі тәрбиелеу мен жігерін жаттықтыру қабілеттерін қалыптастыру;
-салауатты өмір салты жайлы білімін жүзеге асыру дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау,өз денсаулығы мен өміріне талдау жасай білу, денсаулықты сақтау және қорғау жолдарын меңгеру, өз мінезіне басшылық ету, жағымсыз әсерлерге қарсы тұру қабілеттерін қалыптастыру;
-қорғанудың әлеуметтік, дене, психологиялық сияқты негізгі бөліктерін қабылдау қабілеттерін қалыптастыру;
-өз денсаулығына деген жеке жауапкершілік танытуын, өзге адамдардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын сақтау құқығын сыйлау қабілеттерін қалаптастыру.