Aktobe Qurylys Montaj Koleji

“21 ғасыр көшбасшысы” зияткерлік сайысы

Қатысушылар: 1-курс студенттері
1015Б – Бағалау
1016Б – Киім дизайны
1051Б – Архитектура
1070Б – Интерьер дизайны
1091Б – Электрмен қамтамасыз ету
Колледж психологы – Камалова Н.У
Ұйымдастырушы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мақсаты: Студенттердің білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, шешендік өнерін дамыту; зияткерлік қабілетін шыңдау.
Сайыс барысы:
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1-кезең: «Cұрақтар ұяшығы»
Бұл кезеңде қатысушыларға кезекпен 5 категория бойынша таңдау арқылы сұрақтар қойылады. Әр таңдаған саңға байланысты сұрақтар қиындайды. Таңдаған ұяшыққа байланысты баллдар беріледі
2-кезең: « Кім жылдам?»
Әр топқа кезекпен пазл бөлшектері беріледі. Қатысушылар оны мүмкіндігінше тез әрі дұрыс құрауы қажет. 7 минут уақыт беріледі. Кім пазлды бірінші жинақтап болады қолдарын көтереді ( 10 ұпай)
3-кезең: « «Сын тұрғысынан ойлау»»
Апта дәйексөзін пайдалана отырып, алдарыңызға берген Ақ параққа өздеріңіздің фантазияларыңызды қоса отырып суреттеу. Сурет бойынша түсіндіру
4-кезең: «Әуенді тап…»
Бұл кезеңде топқа партриоттық әндердің басы қосылады сол арқылы берілген әуенді табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Ең соңында Камалова Н.У. 1 курс студенттеріне тренинг өткізіп, қатысқан студенттерді марапаттады.
Басжүлде – 1051Б
1 орын – 1016Б
2 орын – 1070Б
3 орын – 1015Б
Қатысқаны үшін – 1091Б