Aktobe Qurylys Montaj Koleji

Күндізгі оқу бөлімі

Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің күндізгі оқу бөлімі бойынша ақпарат

2025-2026 оқу жылының басында Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде барлық білім алушы саны – 1280, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс  бойынша білім алатын  білім алушылар саны – 1172 .

Мамандар  даярлау 17 мамандық бойынша жүргізіледі:

  1. «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» (біліктілігі «Техник-құрылысшы»);
  2.  «Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)» (біліктілігі: «Техник-технолог»);
  3.  «Темірбетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша)» (біліктілігі: «Техник-технолог»);
  4. «Геодезия және картография» (біліктілігі: «Техник-геодезист»);
  5.  «Сәулет өнері» (біліктілігі: «Техник-жобалаушы»).
  6. «Дизайн (бейін бойынша) (біліктілігі:  «Дизайнер»);
  7. «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» (біліктілігі:  «Газ объектілері құрал жабдығын пайдалану технигі»);
  8. «Бағалау» (біліктілігі «Техник-бағалаушы»);
  9. «Дене тәрбиесі және спорт» (біліктілігі «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі»);
  10.  «Автоматтандыру және басқару (бейін  бойынша)» (біліктілігі «Электромеханик»);
  11. «Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру» (біліктілігі «Техник-дизайнер»);
  12. «Есеп және аудит (салалар бойынша)» (біліктілігі «Экономист-бухгалтер»);
  13. «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)» (біліктілігі «Стандарттау технигі»);
  14. «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» (біліктілігі «Техник-электрик»);
  15.  «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»                               («Техник-механик»);
  16. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» (біліктілігі «Техник»);
  17. «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі» (біліктілігі «Техник-технолог»);

Оқу жылының І және ІІ жарты жылдығы бойынша сабақ кестесі, қоңырау кестесі, емтихан кестелері уақытында бекітіліп отырады.

2025-2026 оқу жылының  басында  педагогикалық оқытушылар құрамының  саны – 47. Барлық мамандықтар бойынша сабақ беретін мамандар жеткілікті. Жалпы колледж бойынша: педагог-зерттеуші – 4,3%, магистрлар – 25,5%, педагог-сарапшы – 6,4%, педагог-модератор – 15% құрайды. Арнаулы пәндер бойынша сабақ беретін оқытушылардың  өндірістік салада тәжірибелері бар мамандар.