Aktobe Qurylys Montaj Koleji

07140100 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

Квалификация: 1302023  Электромеханик

Оқу мерзімі:  9 сынып негізінде  3 жыл 10 ай

11 сынып негізінде   2 жыл 10 ай

Электромеханик кәсіптік қызметінің нысандары:

  • металлургияның,
  • энергетиканың,
  • технологиялық процестерін автоматтандыру жүйелері,
  • басқаруды жоғары ұйымдастыру құралдарын пайдаланып,
  • өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері.

Маман телеөндеу жүйелерінің микропроцессорлық, мини және микро-ЭЕМ, терминалды құрылғылары негізінде технологиялық процесстерді автоматтан-дырудың бақылау және автоматтандыру аппараттарын жөндеу, монтаждау, реттеу, баптау жұмыстарын атқарады, сонымен қатар басқа да салаларда арнайы орта білімі бар маман ретінде еңбек ете алады.

Маман келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалған:

  • технологиялық регламентке сәйкес өндірістік учаскеде жұмысты ұйымдастыру;
  • ақаулар мен апаттардың себептерін анықтау және оларды жою;
  • орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау;
  • техникалық сызбалар мен сұлбаларды оқу және әзірлеу;
  • кәсіпорын бейіні бойынша негізгі және қосалқы жабдықтардың автоматика жүйесі мен технологиялық бақылау жүйесін пайдалану;
  • кәсіпорын бейіні бойынша бақылау, өлшеу, технологиялық параметрлерді автоматты реттеу, технологиялық қорғау, сигнал беру және шектеу, электржетегі, қашықтан басқару және автоматтандыру құралдарын орнату, тексеру, жөндеу және баптау жүргізу;
  • импульсті және жалғастыру желілерді өлшеу түрлендіргіштерін, қайталама аспаптарды және автоматтандыру құралдарын жөндеу;
  • жаңа технология элементтерін, кәсіптік қызмет объектілерде алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану;
  • өндірістік учаскелерде электржабдықтарының сенімді, қауіпсіз, үнемді жұмысын қамтамасыз ету;
  • өндіріс талаптарына сәйкес электртехникалық материалды таңдау.