Aktobe Qurylys Montaj Koleji

04120200 Бағалау (түрлері бойынша)

Квалификация: 0514013  Техник – бағалаушы

Оқу мерзімі:  9 сынып негізінде  2 жыл 10 ай

11 сынып негізінде   1 жыл 10 ай

Бағалаушы маманның кәсіби қызметі – экономикалық қызмет саласында жүзеге асады. Бағалаушы мақсаты жылжымалы және жылжымайтын мүліктің, жердің, акциялар пакетінің, мүліктік құқықтардың, материалдық емес активтердің құнын анықтау.

Маманның кәсіби қызмет саласы:

  • түрлі саланың орта және ірі компаниялары, корпорациялары (тау-кен өндірісі, құрылыс, өндіріс, қызмет көрсету, сауда);
  • мемлекеттік органдар, әкімдіктер, мәслихаттар, салық инспекциясы, кеден органдары;
  • сақтандыру компаниялары;
  • банктер;
  • табиғат ресурстарын, жылжымайтын мүлікті, бағалы қағаздарды, технологияларды және инновацияларды, сонымен қатар еліміздің экономикалық қауіпсіздігін бағалаумен айналысатын мекемелер.