Aktobe Qurylys Montaj Koleji

07321200 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану

Квалификация: 4S07321202 Газ объектілері құрал-жабдығын пайдалану технигі

Оқу мерзімі:  9 сынып негізінде  3 жыл 10 ай

11 сынып негізінде   2 жыл 10 ай

Халық шаруашылығынның түрлі салаларында газды енгізу және газ өнеркәсібінің дамуы,ең бір маңызды ғылыми – техникалық бағыт  болып табылады. Газ шаруашылығының негізгі  мақсаты – тұтынушылырдың үздіксіз, сенімді, экономды газбен жабдықталуы.

Газ объектілері құралдарын пайдалану технигі жабдықтау процесінде жөнделген газөкізгіштерімен қондырғыларды дұрыс жүйелерді, агрегаттарды құралдарды ,газ майын қолдану оның процесте дұрыс тұтануын ұйымдастыру,еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау,аварияларды болдырмауды қамтамасыздандырады.

Маман келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалған:

  • газ тарату және газды тұтыну жүйелерін жобалау (газды бөлу және газ тұтыну жүйелерінің элементтерін жобалау, газ тарату жүйелерін есептеу және газды тұтыну);
  • газ тарату және газ тұтыну жүйелерін салу және монтаждау (құрылыстар мен қондырғыларға арналған жүйелер мен құрылыстарды дайындау, газ тарату және газ тұтыну жүйелерін салу және монтаждау, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау);
  • газ тарату және газды тұтыну жүйелерінің жұмысын ұйымдастыру, жүргізу және бақылау (газ тарату және газды тұтыну жүйелерінің қызмет ету параметрлерін бақылау және диагностикалау, газ тарату және газ тұтыну жүйелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оның сапасын бақылау және бақылау).