Aktobe Qurylys Montaj Koleji

07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

Квалификация: 0902033  Техник – электрик

Оқу мерзімі:  9 сынып негізінде  3 жыл 10 ай

11 сынып негізінде   2 жыл 10 ай

Қалаларды, кәсіпорындарды электр қуатымен қамтамасыз ету электр энергиясын жеткізетін кәсіпорындардың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Онсыз мемлекеттік мекемелердің, мектептердің, дүкендердің жұмысын, тіпті үйдің жайлылығын да елестету мүмкін емес. Сондықтан электрмен жабдықтау саласындағы мамандықтар сұранысқа ие, ал кәсіпорындарға жоғары деңгейлі мамандар қажет.

Электр технигінің кәсіптік қызмет объектілері өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмен жабдықтау желілері, өнеркәсіп кәсіпорындарының электр қосалқы станциялары болып табылады. Маман бақылау-өлшеу құралдарымен, электр өлшеу құралдарымен, диспетчерлік байланыс және телемеханикамен жұмыс істей алады, электрмен жабдықтау қондырғыларының жобалық-сметалық құжаттарын жасай алады.