Квалификация: 0514013 Техник – бағалаушы
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай
11 сынып негізінде 1 жыл 10 ай
Бағалаушы маманның кәсіби қызметі – экономикалық қызмет саласында жүзеге асады. Бағалаушы мақсаты жылжымалы және жылжымайтын мүліктің, жердің, акциялар пакетінің, мүліктік құқықтардың, материалдық емес активтердің құнын анықтау.
Маманның кәсіби қызмет саласы:
- түрлі саланың орта және ірі компаниялары, корпорациялары (тау-кен өндірісі, құрылыс, өндіріс, қызмет көрсету, сауда);
- мемлекеттік органдар, әкімдіктер, мәслихаттар, салық инспекциясы, кеден органдары;
- сақтандыру компаниялары;
- банктер;
- табиғат ресурстарын, жылжымайтын мүлікті, бағалы қағаздарды, технологияларды және инновацияларды, сонымен қатар еліміздің экономикалық қауіпсіздігін бағалаумен айналысатын мекемелер.