Сырттай оқу бөлімі туралы мәлімет
2019-2020 оқу жылы
2019-2020 оқу жылындағы сырттай оқу бөлімінің жылдық жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес орындалды. 2019-2020 оқу жылында сырттай оқу бөлімінде келесі мамандық негізінде білім алуда. Олар мыналар:
1. 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»;
2. 1412000 «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі»;
3. 1405000 «Газбен жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану»;
4. 0902000 «Электрмен жабдықтау»;
5. 0518000 «Есеп және аудит»;
6. 0514000 «Бағалау»;
7. 0713000 «Геодезия және картография»;
8. 1302000 «Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)»;
9. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт».
Әр мамадықтың оқу жоспарлары мемлекеттік стандарт негізінде құрастырылды. Сырттай оқу бөлімінің жылдық жоспары құрастырылып соның негізінде бөлімінің жұмысы толықтай атқарылды.
Барлық мамандықтардың оқу жоспарына сәкес оқу процесінің кестесі жасақталып бекітілді. Оқу процесс негізінде І-жарты жылдықтың сессия уақыты қазан айының 07-нен бастап желтоқсан айынының 20-ші аралығында болды ІІ- жарты жылдықтың сессия уақыты ақпан айының 03-нен бастап наурыз айының 13-ші аралығында болды.
Биылғы бітірушілер мамадықтарына сәйкес топтар:
- 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»,
- 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету»,
- 1405043 «Газбен жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану»,
- 0518000 «Есеп және аудит»,
- 0514000 «Бағалау»,
- 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»,
- 0713000 «Геодезия және картография».
1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығының білім алушылары ақпан айында ойдағыдай дипломдық жобаларын қорғап шықты. Бұл мамандық бойынша орыс тобы 30 білім алушы білікті маман иесі атанды. ІІ-жарты жылдықтағы қорғау уақыты маусым айыңда. 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету», 1405043 «Газбен жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану», 0518000 «Есеп және аудит», 0514000 «Бағалау» мамандықтары, 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0713000 «Геодезия және картография».
Бітірушілердің біліктілік беру мемлекетік атестатциялау жұмысы ойдағыдай жүргізіліп, бекітілген кестеге сай өтеді.
2019-2020 оқу жылында сырттай оқу бөлімінде 241 білім алушы білім алады.