Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің күндізгі оқу бөлімі бойынша ақпарат
2019-2020 оқу жылының басында Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде барлық білім алушы саны – 831, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын білім алушылар саны – 584 .
Мамандар даярлау 17 мамандық бойынша жүргізіледі:
- «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» (біліктілігі «Техник-құрылысшы»);
- «Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)» (біліктілігі: «Техник-технолог»);
- «Темірбетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша)» (біліктілігі: «Техник-технолог»);
- «Геодезия және картография» (біліктілігі: «Техник-геодезист»);
- «Сәулет өнері» (біліктілігі: «Техник-жобалаушы»).
- «Дизайн (бейін бойынша) (біліктілігі: «Дизайнер»);
- «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» (біліктілігі: «Газ объектілері құрал жабдығын пайдалану технигі»);
- «Бағалау» (біліктілігі «Техник-бағалаушы»);
- «Дене тәрбиесі және спорт» (біліктілігі «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі»);
- «Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» (біліктілігі «Электромеханик»);
- «Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру» (біліктілігі «Техник-дизайнер»);
- «Есеп және аудит (салалар бойынша)» (біліктілігі «Экономист-бухгалтер»);
- «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)» (біліктілігі «Стандарттау технигі»);
- «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» (біліктілігі «Техник-электрик»);
- «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» («Техник-механик»);
- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» (біліктілігі «Техник»);
- «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі» (біліктілігі «Техник-технолог»);
2019-2020 оқу жылының І және ІІ жарты жылдығы бойынша сабақ кестесі, қоңырау кестесі, емтихан кестелері уақытында бекітіліп отыр.
2019-2020 оқу жылының басында педагогикалық оқытушылар құрамының саны -61 . Барлық мамандықтар бойынша сабақ беретін мамандар жеткілікті. Жалпы колледж бойынша: жоғары санатты оқытушылар-26%, магистрлар-9,8%, бірінші санатты оқытушылар – 9,8%, екінші санатты оқытушылар-33% құрайды. Арнаулы пәндер бойынша сабақ беретін оқытушылардың өндірістік салада тәжірибелері бар мамандар.