Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің
кітапханасы
Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі –кітапхана. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда колледж кітапханасы да рухани қазына болып табылады. Кітапхана оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап –уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы.Ақтөбе құрылыс –монтаж колледжінің кітапханасы оқу орнының дамуыменм бірге дамып келеді. Кітапхананың жалпы көлемі-449,6 кв.м., екі оқу залының жалпы ауданы 80 орындық 132,6 ш. м. құрайды
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу залында ғаламторғас шығатын 5 ноутбук ,1 принтер және ксерокс орнатылды.
Кітапхана қоры колледждің бейініне сәйкес, барлық мамандықтардың оқу жоспарлары, оқытушылардың әдебиетке өтінімі негізінде, сондай-ақ оқырман сұраныстарын ескере отырып жинақталады.
Қазіргі уақытта кітапхана қоры 27689 дананы құрайды, бір студентке кітаппен қамтамасыз ету 37,1 бірлікті құрайды.Жыл сайынғы кітап беру орта есеппен-21000 дана, келушілер саны-12500 адам.
Қорды жинақтаудағы басым бағыт ғаламтор қызметін пайдалану болып табылады, өйткені баспалар, кітап сауда фирмаларының интернетте басылымдардың ассортиментін үнемі жаңартып отыратын сайттары бар. Олар “Академия – Медиа”, “Фолиант”, “Мектеп”, “Арман-ПВ”, “Бастау”, “Лантан-Трейд” және т. б. баспалары.
Басқа толықтыру көздерінен электронды тасығыштардағы құжаттарды сатып алу мамандықтардың бағыттарына сәйкес жүргізіледі . Дәстүрлі қағаз тасығыштармен қатар колледж оқытушылары мен студенттері электронды тасығыштарда оқу әдебиеттерін пайдаланады.Кітапхана 378 электронды оқулықпен қамтылған, оның ішінде 116 қазақ тілінде.
Сондай-ақ,қажет болған жағдайда Каsipkop.kz электронды оқулықтарды пайдалану мүмкіндігі бар”.
АҚМК-нің кітапханасы оқырмандарға (оқытушыларға,білім алушыларға) оқу жылы бойы абонементте,оқу залында сараланған,жеке,топтық қызмет көрсетеді.
1 курс студенттері кітапхананы пайдалану ережелерімен танысады.
Кітап беру кезінде жеке әңгімелер,жаңа кітаптармен танысу ( келіп түсуіне қарай) жүргізіледі. Әдебиеттің жаңалықтарымен танысу әдебиеттің ақпарат күндерін өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Кітапхананың оқу залында тұрақты жұмыс істейтін көрмелер::
– “Қазақстан-2050” Стратегиясы »
– “Ана тілі -жүрек үні””
– “Ұлы жеңіске тың тағзым”- “ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды””
– “Рухани жаңғыру” – “болашаққа көзқарас”.
– “Дені саудың-жаны сау” және т. б.
2019 жылдың қараша айында білім алушылармен бірлесіп Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ірі іс –шара өткізілді.
Кітапханада:”Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы!” “- “Абай Құнанбаев-халық мақтанышы !”, ҚР Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік: ата-бабалар шайы-ұрпақтардың шынайылығы”, және де жергілікті ақындар мен жазушыларға арналған “Ақтөбедегі жерлерінің поэзиясы мен прозасы” осы сияқтыайтулы оқиғаға арналған кітап көрмесі дайындалды.
Сонымен қатар, “Мейірім төгетін ана ” « Өзін-өзі тану ” адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының қызметі туралы С. А. Назарбаеваның кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ақпан айында Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған іс-шара өткізіліп, ақын поэзиясына арналған “Поэзия әлемі Мұқағали Мақатаев” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап кітапхана қорына түскен кезде “Кітапхана қорының жиынтық есебі кітабында” жиынтық есепке алу және “Инвентар кітабында”жеке есепке алу жүзеге асырылады.
Колледждің оқу және ғылыми үдерістерін сапалы қалыптастыру үшін кітапхана кітап қорын үнемі жаңартып отырады. Осы мақсат үшін жыл сайын қаржы бөлінеді.
Оқу залдары кітапхана техникасымен жабдықталған, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай. Кітапхана қорының мазмұнын ашуға Анықтамалық-іздеу аппараты ықпал етеді. Кітапхана қорына түскен барлық әдебиеттер әмбебап-ондық жіктеме кестесі бойынша жүйеленеді (УДК).Кітапханада бір-бірінен көлемімен, мазмұнымен және құрылымымен ерекшеленетін каталогтардың екі түрі ұйымдастырылып, жүргізіледі: алфавиттік және жүйелі каталог.
Ақпараттық ресурстар ауқымын кеңейту мақсатында кітапхана жыл сайын “Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана” АҚ және С.Бәйішев атындағы ғылыми-техникалық кітапханамен кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуге келісім-шарт жасады.
Колледж қызметін бастағалы Ақтөбе политехникалық колледжі,Ақтөбе техникалық колледжі және т. б. кітапханаларымен ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Студенттерге ақпаратты іздестіруде, курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары бойынша кітаптарды таңдауда кеңестік көмек көрсетіледі, алфавиттік және жүйелі каталогтардың әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Барлық ақпараттық-анықтамалық, әдістемелік, Оқу материалдары студенттерге қолжетімді.
Мерзімді басылымдар ақпараттың маңызды көзі болып табылады. Жыл сайын колледж “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда”, “Актобе”, “Актюбинский вестник”, “Актобе Устазы” газеттері, сондай-ақ “Современное образование”, “Техникалық және кәсіптік білім”, “Профильная школа и профобразование” және т. б. журналдарға жазылып,алынады.
Кітапхана қоры типтік бағдарламаларға сәйкес пәндермен жәнеПЦК және колледж оқытушылардың сұранысымен негіздей толықтыру және толықтыру мәселелері бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.
Кітапхана негізінде ” ҚР білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-пегдагогикалық кітапханасымен” “Оқуға құштар колледжі” тұжырымдамасын іске асыру жөнінде 2022-2025 жылдарда іс-шараларды өткізуге келісім жасалған болатын.
2023-2024 оқу жылында да колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” бағдарламасы аясында әр ай сайын көптеген іс шаралар өткізілді.
Атап өтсек 1015б тобы студенттеріне қырқүйек айында “Менің өмірімді өзгерткен кітап” тақырыбында эссе конкурсы өткізілді.
Қараша айында “Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап көздерінде” атты кітапхана квесті және де “Мен кітапты ашамын. Мен кітапты танимын”, “Топтың үздік оқырманы” тақырыптарында тәрбие сағаты өткізілді.
Желтоқсан айында “Отан тарихы әдебиеттерде” тақырыбында оқырман конференциясы өткізілді
Қаңтар айында “Кітаптар желісімен түсірілген фильмдер” тақырыбында вертуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар ақпан айында 1091б тобына “Оқуға құштар колледж” тақырыбында кітап челенджі өткізілді.
Наурыз айында “Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз” атты дәстүрлі кітап көрмесі, сәуір айында “Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау” атты әдеби сот, “Ақылдылар мен алғырлар” атты әдеби ойын, “Кітапты бірге оқимыз” атты библио-кросс өткізілген болатын.
Жылдың аяғында яғни мамыр айында “Менің сүйікті кітабым” тақырыбында акция ұйымдастырылды.
Барлық жоспарланған іс-шаралар уақытында, әр айдың 25-іне диін орындалды. Және білім бөліміне есебі жіберілді.
“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында өткізілген іс-шаралар АСМК колледжі инстаграм парақшасына жүктелінген.
Ақпараттық ресурстар ауқымын кеңейту мақсатында қазан айында “Республикалық ғылыми-техникалық кітапханамен” АСМК колледжі жарты жылға келісім шартқа отырған болатын.
Кітапханада қыркүйек айында Тайыр Жарықовтың 115 жылдығына орай жазушының шығармашылығымен танысу мақсатында кітап көрмесі және де Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған “Ана тілі-жүрек үні” атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Қазан айында колледж оқытушыларымен ақпарат күні өткізілді.
Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне тақырыптық сөре толықтырылған болатын.
Мамыр айында Отан қорғаушылар күні және жеңіс күніне орай әдебиеттер көрмесі дайындалды.
15 мамыр күні С.Байшев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөліміндегі кітапханашысы Рысжан Болашқызы Ақын Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына орай “Жыр-ғұмыр” атты поэзия кешін АСМК кітапханасында өткізген болатын. Аталмыш шараға ақын Балагүл Бакиева қатысты.
22-ші мамыр күні С.Байшев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Кеңес Одағының Батырлары, Халық қаһармандары Бауыржан Момышұлының және Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғандарына 100 толуына орай “ Халық жүрегіндегі Қаһармандар” атты танымдық сағатына колледж кітапханашысымен бірге студенттеріміз қатысқан болатын.
27-ші мамыр күні Ақтөбе қаласына 155 жыл толуына орай “Қойнауы құт, жері бай, өркенді өңір- Ақтөбе!” атты мерекелік кеші өткізілді.
Кітапхана меңгерушісі : Кереева П.Н.