Баскетбол үйірмесіне қатысатын білім алушылардың, оқу-жаттығу процесінің мақсаты мен міндеттері
1. Үйірмеге қатысушының денсаулығын шынықтыру нығайту, олардың жан-жақты дамуына және маңызды қозғалыс әрекеттерін дамытуға жетелеу.
2. Баскетбол ойынының қажетті қозғалыс қимыл әрекеттерін: шапшаңдық, ептілік, икемділік, шыдамдық, күш жігерін дамыту.
3. Негізгі техникалық және тактикалық әрекеттерге үйрету.
4. Арнайы білімін іс-әрекетін жетілдіру
5.Қозғалыстың интеллектуалды және моральды қасиеттерге тәрбиелеу және жоғарғы нәтижеге жету үшін арнайы дайындығын жетілдіру.
6. Дене шынықтыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Баскетбол үйірмесі бойынша барлық сағат саны – 66, теория – 2. Үйірмеге қатысатын білім алушылар саны – 25. Өтілетін жері – спорт кешені. Баскетбол үйірмесін жүргізетін: дене тәрбиесі оқытушысы Махимов З.М.